Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы пирамидасының белгілері бар ұйымдардың тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Агенттікке сілтеме жасап.
Тізімге 121 субъект, оның ішінде қаржы пирамидасының белгілері бар 56 ұйым және 65 заңсыз инвестициялық делдал (жалған брокер) кірген. Және Агенттік олардың қызметінде заңсыз қызмет белгілерін анықтады.
«Тізімді жариялау қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған және осындай компанияларға байланысты тәуекелдердің уақтылы алдын алуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге осындай тізімді қалыптастыру нарықтағы әділ бәсекелестікті қолдауды және заңсыз қызмет белгілері бар субъектілерді тиімді түрде анықтауды қамтамасыз етеді», - делінген агенттік хабарламасында.
inform.kz