Казталов ауданы орталығындағы базарда кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнімдерін нарықтағы бағадан төмен болатынын сезген ауылдастар ертемен базар маңынан табылды.
Бұл жолғы сөрелерде ет, балық, құрт-май өнімдері ұсынылды. Жәрмеңкеге Казталов, Қошанкөл, Бостандық, Бірік ауылдарынан әкелінген өнімдер сатылымға шықты. Мәселен, Бостандық ауылынан балықтың түрлері қолжетімді бағада сатылды.
Әр апта сайын ұйымдастырылатын жәрмеңкеде тұрғындар қажетін алып, өз ризашылықтарын білдірді. Олар жәрмеңкенің өздеріне үлкен жәрдем беретінін тілге тиек етті.
Әсем Халиуллина,
Казталов ауданы
zhaikpress.kz