12.10.2021, 17:21
Оқылды: 51

Жаңа жылдан кейін дәрі қымбаттайды

Келер жылдан бастап Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасын реттеу тоқтатылады. Үкімет дәрілік заттарды кезең-кезеңмен қайта реттеу бойынша жұмыс жүргізе бастады. Бағаны қайта реттеудің бірінші кезеңінде, 2022 жылдың ортасына дейін алдын ала бағалық реттеуге жататын 3 742 дәрілік зат қысқарады.

2021101217032913068_shelf-furniture-room-medicine-pharmacy

Жалпы, соңғы бір жылда елде дәрі-дәрмек бағасы 6,3% қымбаттады. "2020 жылы әрбір қазақстандық отбасы дәріге орта есеппен 47 мың теңгеге дейін ақша жұмсады дейді", сарапшылар. Бұл шығын коронавирус пен соның салдарынан туындаған қажеттілік екені түсінікті.

Коронадағдарыс кезеңінде экономиканың кейбір секторы тұралап жатқанда, тасы өрге домалаған – фармкомпаниялардың өндірісі болды. Фармацевтикалық өндірістің өсуіне қарамастан, елімізге дәрі-дәрмек импорты да көбейген. Мәселен, 2021 алғашқы үш айында елге 167,7 млн долларға 4,4 мың тонна дәрілік зат әкелінді.

Үкімет дәрі бағасын реттеуді біртіндеп тоқтату арқылы, фармацевтикалық нарықты дамытуды көздеп отыр. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің пайымынша, қолданыстағы дәрі-дәрмек бағасын мемлекеттік реттеу тетігі фармацевтикалық нарықтың дамуына мүмкіндік бермей отыр. Сондай-ақ отандық тауар өндірушілердің жаңа инновациялық препараттарды енгізуіне тұсау болып тұр-мыс.

Әрине, фармацевтикалық нарық дамуы керек. Оның қаншалықты маңызды екенін соңғы бір жылдың өзі дәлелдеп берді. Алайда қарапайым халықты толғандыратын бір мәселе бар. Ол - мемлекеттік реттеу тоқтатылған кезде дәріханадағы баға көтеріліп кетпейді ме деген қорқыныш. Себебі пандемия басталғанға дейін 20 теңгеден сатылған медициналық масканы дәріханалар 100-150 теңгеге сатып, өзге де дәрілік заттардың үстінен үстеме пайда көруге тырысты. Сондықтан мұндай үрейдің болуы заңды. Оның үстіне қазір инфляция дәлізі 8,4%. Мемлекеттік реттеу болмаса, жаңа жылдан бастап дәрі бағасы жүгенсіз кетпейді ме?

Дереккөз: zakon.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале