13.10.2021, 9:49
Оқылды: 60

БҚО-да мектеп оқушысы есінен танғанша соққыға жығылды

Батыс Қазақстан облысында төбелес салдарынан 12 жастағы бала басынан жарақат алып, миы шайқалған. Жәбірленушінің анасы мектепте жасөспірімдермен тәрбие жұмысы жүргізілмейді деп есептейді. Оқу орны мен білім бөлімінде болған жағдайға түсініктеме берілді.

2

Жараланған жетінші сынып оқушысының анасы №1 Подстепный орта мектебінде сабақ береді. Ол оқиға туралы 4 қазан күні кешкісін білгенін айтты. "Менің ұлымды сегізінші сынып оқушысы ұрып-соққан. Біз облыстық көпсалалы ауруханаға бардық. Сол жерде баламның миы шайқалған, беті көгерген деген диагноз қойылған. Бұл мектептегі алғашқы жағдай емес. Білім беру ұйымында тәртіп жоқ", – деді әйел.

№1 Подстепный орта мектебінде директоры жанжал мектептен тыс жерде болғанын айтады. Оқиғадан кейін дереу тергеу жүргізілді. Мектепке оқушылардың ата-аналары, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар мен аудандық білім бөлімінің өкілдері шақырылды.

Дереккөз: Nur.kz

Сурет:inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале