14.10.2021, 18:21
Оқылды: 15

Жерлестерге арналған концерт өтті

Жуырда «Қайырылымдылық айлығы» аясында Шыңғырлау ауданы әкімшілігінің бастамасымен, аудандық жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары Бөрлі ауданы мен Орал қаласында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, жерлестеріне ән-жырларын арнап, сый-сыяпат көрсетті.

42

«Жоспарға сәйкес аудан көлемінде қайырылымдылық шаралары жүріп жатыр. Үстіміздегі жылдың 13 қазан күні Орал, Ақсай қалаларына және Бөрлі ауылына барып, егде  шыңғырлаулықтармен кездесіп, аудан өнерпаздары  концерттік бағдарлама ұсынды. Ауылдық округтерде де мүмкіндігі шектеулі жандарға, жасы жеткен қарияларға арналған түрлі мәдени шаралар оздырылуда» дейді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Саян Баймұханов.

43

Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Сондықтан тек «қайырылымдылық» айында емес, күнделікті өмірімізде де қайырымды болайық!

 А.Сағи

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале