15.10.2021, 15:10
Оқылды: 39

Қазақстанда тіркелген жеңіл көліктің саны 3,8 млн-нан асты

2021 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстан Республикасында 577478 жеңіл автомобиль тіркелген, бұл 2020 жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 21,6%-ға көп, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

2021101514081389946_2021101513415898696_img_5107

Қазақстан Республикасында 2021 жылғы 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3842,7 мың бірлікті құрады.

2021 жылғы қаңтар-тамызда 8307 жол-көлік оқиғасы тіркеліп,12205 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттылық 10,2%-ға көбейді.

2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 24 млрд. теңге сомасында 53864 сақтандыру төлемін жүзеге асырды.


Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале