15.10.2021, 17:58
Оқылды: 47

Шыңғырлау ауданында жастарды қолдауға арналған кеңес отырысы өтті

«Nur Otan» партиясы ғимаратының мәжіліс залында Шыңғырлау аудандық филиалы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі кеңес отырысын аудандық «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары А.Тағаниязов ашты.

20

Жиында «Жастар – Отанға!» бағдарламасын іске асыру бойынша 2025 жылға дейінгі Жол картасының орындалуы жөнінде аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының директоры, «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Н.Қайыржанов күн тәртібіндегі мәселе бойынша 9 айлық есебі тыңдалды.

Баяндамашының айтуынша, Статистика департаментінің мәліметіне сәйкес, Шыңғырлау ауданында тұратын халық саны 14531 адам болса, соның 3709-ы жастар. Ағымдағы жылы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында ресурстық орталыққа жергілікті бюджеттен 9 млн 715 мың теңге және мемлекеттің әлеуметтік тапсырыс арқылы 2 млн 260 мың 960 теңге бөлінген.

Қазіргі таңда Шыңғырлау колледжінде түрлі мамандықтар бойынша барлығы 162 студент білім алуда. Оның ішінде 67 бала дәнекерлеуші, 40 - аспазшы, 25 - оператор, 30 - тракторшы мамандықтарын игеруде. Студенттердің барлығы жатақханамен толық қамтылған.

Жыл басынан 113 жасқа кеңес беріліп, 49-ы жастар орталығының ықпалымен тұрақты жұмысқа орналасты.

2021 жылы Жұмыспен қамту орталығында 119 жұмыссыз жастар келді.  Оның ішінде 205 жас жұмысқа орналастырылды. 115-і тұрақты жұмысқа,   әлеуметтік жұмыстарға 4 адам, қоғамдық жұмыстарға 37 жас тартылса, жастар практикасы бойынша 49 жас жұмысқа жіберілді.

Үстіміздегі жылдың маусым-тамыз айларында 60 студент «Жасыл ел» еңбек жасақтары қатарында еңбек етсе, «Студенттік құрылыс отрядтары және жұмыссыз жастар» еңбек жасақтарына 5 жас тартылды.

Аудан жастарын жан-жақты қолдау, оларды заман талабына сай бейімдеу және мемлекеттік бағдарламаларға тарту басты назарда. Мәселен, биыл ауылдық жерлерді қажетті еңбек ресурстарымен, әлеуметтік сала және агроөнеркәсіптік кешен мамандарымен қамтамасыз етуге бағытталған «Дипломмен ауылға» бағдарламасын жүзеге асыру барысында 25 жас көтермеақы алса, 11 жас маман жеңілдетілген тұрғын үй несиесімен қамтамасыз етілді. Ал, «Бизнес бастау» жобасы аясында ауданда кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жұмыстары бойынша 2021 жылы барлығы 35 адам оқытылды.

21

Аудан бойынша 2021 жылы «Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың» ұйымдастыруымен ауданның ерікті жастарымен бірлесе отырып, барлығы 200-ге жуық түрлі бағыттағы шаралар өткізілді», - деп Нұрлыбек Қайыржанұлы баяндамасын қорытындылады.

Жиынға «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы жанындағы жастарды қолдау жөніндегі кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері қатысып отырды.

Б.Баймағамбетова,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале