18.10.2021, 11:18
Оқылды: 28

Кәсіп бастағандарға қолдау бар

 Қандай да бір істі қолға алмас бұрын әрбір адамең алдымен оны ой елегінен өткізіп, барлық мүмкіндіктерін екшейді. Оған қоса қабілет-қарымының қай кәсіпке бейім, қандай іс жан-жүрегіне жақын деп мың рет толғануы шарт. Осындайда ең нақты кеңес беретін, бағытын нақтылайтын кеңесші немесе мекеме қажет-ақ. Яғни жеке кәсіпкерліктің бағыт-бағдарын, істі ұйымдастыруды жоспарлауға көмектесетін орындар. Өйткені елімізде кәсіпкерлікті қолдап,  оны дамытуға мемлекеттік деңгейде үлкен көңіл бөлініп отыр. Батыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының Шыңғырлау ауданындағы филиалы жылдар бойы тұрғындар үшін жұмыс атқарып келеді.

15granty1

«Кәсібін бастағысы келетіндерге арналған арнайы тренингтер, қысқа оқыту курстарын да ұйымдастыру жұмысы бізде жақсы жолға қойылған. Филиалымызда өз кәсібін ашқысы келетіндер үшін бизнес-жоспар жасауға көмек көрсетіледі,  - дейді аталған филиалдың директоры Бақтығали Нармағанбетов.

Оның айтуынша, бүгінгі күнге ауданымызда тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерініңсаны 692құрайды, оның 626 жұмыс жасайтын субъектілер. Бұлардың дені осы аталған филиалдың көмегіне жүгінгендер екен. Айта кету жөн, кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығы ретінде кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік саласына деген ынталы тұрғындарға сегіз айда 580 кеңес берілген.Филиал мамандарының көмегімен 13 тұлға өз істерін ашып жеке кәсіпкер ретінде еңбек етуде. Сонымен бірге кәсіпкерлерге келісімшарт, келісім, декларация, бизнес-жоспарлар жазуда 170 құжат толтыруға көмек берілген. Бұның өзі кәсіпкерлік жүргізуденемесе өз ісін ашуда айтарлықтай қолдау болған. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты аясында «Бастау-Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жобасы ауданымызда ағымдағы жылдың сәуірайында басталып,іске асырылған. Нақтырақ айтсақ, жоба бойынша 116 адам оқытылып, 108 тұлғаға сертификаттар табысталған. Демек, кәсіпкерлік саласына тағы бір толқын  қосылды деген сөз. Сонымен қатар БҚО кәсіпкерлер палатасы және БҚО білім басқармасының жалпы білім беретін мектептерінде «Кәсіпкерлік негіздері» пәнін енгізу жобасын іске асыру мақсатымен 10-11 сыныптарына екі мәрте дәрістер өткізілген. Сабақтар ауданымыздың кәсіпкерлері А.Сұлтанғалиева және А.Нұрушевтың жетекшілігімен оздырылып, оқушыларға теориямен тәжірибені қатар ұсынған.

Шыңғырлау ауданындағы филиалымен жылға жуық мерзімде 29 жобаның жүзеге асырылуы бұл да  бір үлкен жетістік. Атап айтар болсақ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ филиалы арқылы несие алу үшін 17 кәсіпкерге тиісті құжаттарды жинақтауда көмек көрсетілген. Нәтижесінде 17 кәсіпкер кәсіппен айналысу үшін 64 млн. 250 мың теңгеге қаржыландырылып, бүгіндері жұмыстары ілкімді жүруде. «ҚазАгроҚаржы» АҚ филиалынан лизинг арқылы 12 шаруа қожалықтары үшін 125 млн.480 мың теңге алынған. Қаражат ауыл шаруашылығы техникаларымен жабдықтау мақсатында игерілуде.

Филиал мамандары кәсіпкерлер арасында ақпараттық насихат және  түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде өткізіп отырады. Түсінік жүмыстары әсіресе, пандемия жағдайында кәсіпкерлер үшін үлкен көмек болғаны анық. Себебі көптеген заңнамалар, қаулы-қарарлардағы жиі өзгерту, толықтырулар енгізілетін ережелермен жұмыс істеу қажеттілігі туындаған кезде әрбір кәсіпкерге филиал есігі айқара ашық болды.

Мысалыға айта кетсек, кәсіпкерлердің мемлекеттік сатып алу веб-порталына тіркелу, мемлекетік сатып алу келісімшартын жасақтау, мемлекеттік сатып алудың нұсқаулықтары туралы көптеген шағын бизнес субъектілеріне филиал қызметкерлерімен көмек көрсетілген, ал 50-ден астам кәсіпкерлік субъектілері «Ashyq» жобасына тіркеу бойынша кеңес алған.

Филиал алдағы уақытта да талай жұмыстар атқармақ, соның бірі  - шалғай ауыл тұрғындарына барып, семинарларды ауылдарда өткізу. Сөйтіп, өз қызметтерін ауыл адамдары үшін қолжетімді ету. Демек, ауданымызда өз кәсібімен айналысушылар саны арта түссе  жұмыссыздық деңгейі де төмендемек.

                                                                                           А.Муса,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале