19.10.2021, 10:47
Оқылды: 57

Рухани азық сыйлаған кеш өтті

Қазан айы жағымды да жақсы естеліктермен есте қалары анық. Себебі 13 қазан күні Д.Нұрпейісова атындағы орта мектебінде ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында ақын, жазушы, ҚР Жазушылар Одағының және Журналистер Одағының мүшесі, «Тіл жанашыры» төсбелгісінің иегері, «Көкбөрі», «Он төрт», «Тұлпар», «Қыран қанатындағы күй", «Абадан» кітаптарының авторы, жерлесіміз Мұнайдар Балмолда Мұхамбетжанұлымен «Көк бөріден жаралғам...» тақырыбында әдеби-сазды һәм еркін форматта сыр-сұқбат кеші өтті.

4

 

Бүгінгі таңда «Ақжайық» телеарнасындағы «Біздің көше», «Бір жол», «Азат ой», «Жеті өнер», «Әсерлі әңгіме» сынды бағдарламалардың жүргізушісі, рухты, ұлтжанды азамат Мұнайдар ағамыздың өскелең ұрпаққа айтары мол. Оқушылар ағамыздың кейбір шығармаларын оқып, көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап алған бұл кездесудің тағылымы терең болды. Шара соңында мектеп оқушылары ақын М.Балмолданың сөзіне жазылған, сазгер Е.Ақбасовтың «Көпжасарым» әнін бірге шырқады.

6

Бүгінде адамзат ғаламторға тәуелді болған күнде, барлығымыздың осындай рухани азыққа зәру екеніміздің дәлелі болған бұл кеш оқушылардың есінде ұзақ сақталары даусыз.

Светлана Михайловна,

Д.Нұрпейісова атындағы орта мектебі

директорының тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале