19.10.2021, 12:23
Оқылды: 15

Сырым ауданында 88 тұрғын үй салуға жоба жасақталған

Бүгін өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатына қатысқан Сырым ауданының әкімі тұрғындарды баспанамен, таза ауыз су, көгілдір отынмен қамту бағытында атқарылып жатқан істерге тоқталды.

WhatsApp Image 2021-10-19 at 12.16.42

-Тұрғын үй мәселесі қай уақытта да өзектілігін жойған емес. Мемлекеттік бағдарламалардың аясында Сырым ауданында тұрғын үй құрылысы жылма жыл қарқынды жүргізіліп келеді. Тәуелсіздік жылдарында ауданның 114 отбасы жаңа баспанамен қамтылды. Атап айтсақ, Жымпиты ауылынан «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасымен 59 коммуналдық жалдамалы тұрғын үйлер, 1 сегіз пәтерлік жатақхана, 1 үш қабатты  36 пәтерлік тұрғын үй, Алғабас ауылынан 1 үй және  Бұлдырты ауылынан 10 бірпәтерлік коммуналдық-жалдамалы тұрғын үйлер салынып, пайдалануға берілді. Алайда, ауданымызда 379 адам тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінде тұр. 2012-2015 жылдар аралығында «Тұрғын үйлерді жаңғырту» бағдарламасы шеңберінде аудан орталығындағы 8 көппәтерлі тұрғын үйлерге жаңғырту жұмыстары жүргізілді,- деді Т.Төреғалиев.

Аудан әкімінің айтуынша, егемендігіміздің 30 жылы ішінде ауданда көптеген әкімшілік, тұрғын емес ғимараттар бой көтеріп, аудан орталығына сән бере түскен. Олардың қатарында, 2008-2013 жылдар ішінде салынған аудандық прокуратура, «ҚазПошта», «Nur Otan», әкімшілік ғимараттары, Өлеңті ауылында әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы бар. Мұның сыртында өткен жылы Қадыр ескерткіші орнатылған алаңға жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, абаттандырылған.

-Азаматтарды тұрғын үймен қамту жұмыстарын жалғастыру мақсатында 88 тұрғын үй салуға жоба жасақтадық, олар Өлеңті ауылынан 42, Жымпиты ауылынан 30, Алғабас ауылынан 10 және  Қособа ауылынан 6 тұрғын үй салу жобалары. Сонымен қатар, 2014 жылдан бері жеке тұрғын үйлер салу үшін «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен 151 жер учаскесіне инженерлік-коммуникациялық желілер жүргізілді,- деді аудан әкімі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале