«Nur Otan» партиясы Бөрлі аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымына Орынбасар Төлемісов тағайындалды.
Бұл туралы бүгін аудан әкімі Миржан Сатқанов хабарлама жасап, төраға орынбасарына сәттілік тіледі. Айта кетейік бұған дейін осы қызметті аудандық мәслихат депутаты Малика Махауова атқарған болатын.
Орынбасар Төлегенұлы 1970 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары.
Еңбек жолын Ақсай қаласындағы №4 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған ол кейін аталған мектепте тарих пәнінің мұғалімі, Ақсай қаласының №1,4 орта мектептерінің және Ақсу орта мектебінің директоры қызметінде, кейін аудандық білім беру бөлімі басшысының орынбасары, білім беру бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.
2020 жылдың сәуір айынан бастап осы уақытқа дейін Бөрлі ауданының кітапхана жүйесінің директоры қызметін атқарып келді.
2003 жылдан бастап «Nur Otan» партиясының мүшесі.
Тәжірибелі басшы. Жалпы еңбек өтілі 29 жылды құрайды.
Сәнім Меңдібай,
Бөрлі ауданы
zhaikpress.kz