21.10.2021, 16:30
Оқылды: 43

Алматыда жаңа университет ашылды

Алматыда De Montfort University Kazakhstan халықаралық университеті ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

6

Алматы әкімі De Montfort University Kazakhstan университетінің ректоры Джеймс Паундермен кездесті. Тараптар жұмыстың перспективалық жоспарларын талқылады.

Мәселен, оқу бағдарламасына ІТ, креативті индустрия бойынша мамандықтар енгізіледі.

Бұл бағыттарға Алматының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясында ерекше көңіл бөлінген.

Бұл Қазақстанда оқытуға лицензия алған және үздік білім беру стандартын енгізу үшін құрылған алғашқы шетелдік университет.

Түлектерге DMU Лестер Университеті (Ұлыбритания) дәрежесі беріледі.

«Біздің жастарымыз Алматыдан кетпей-ақ беделді жоғары оқу орнында жоғары білім алу мүмкіндігіне ие болады. Қызығушылық білдіргендер аз емес. Бірінші курсқа 700 талапкер үміткер болды. Бакалавриатқа 145 студент түсті. Келесі жылдан бастап магистратура ашылады», - деп атап өтті Бақытжан Сағынтаев.

Жаңадан ашылған ЖОО-да оқыту дәрістер, бейресми семинарлар, практикалық сабақтар, мастер-кластар, пікірталастар және онлайн оқыту арқылы жүзеге асырылады.

Сабақтарды халықаралық деңгейдегі жоғары білікті оқытушылар өткізеді.

Оқытуда болашақ менеджерлер мен кәсіпкерлердің практикалық дағдыларын тереңдетіп дамытуға ықпал ететін нақты бизнес-кейстер мен оқу тәсілдері қолданылады.

Жалпы, университет Алматыда 20 млн доллар инвестициямен әлемдік деңгейдегі жеке кампустың құрылысын бастауға ниет білдіруде.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале