Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында 2008-2009; 2010-2011 жылдары туған оқушылар арасында тоғызқұмалақтан аудан чемпионаты өтті.
Аудандық балалар - жасөсперімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен өткен бәсекеде ауданның әр - түкпірінен келген сегіз команда өзара бақ сынасты.
Ұлттық ойынды дамыту және кеңінен тарату, жас спортшылардың шеберлігін арттыру мақсатында өткізілген чемпионатта оқушылар біліктіліктерімен, тоғызқұмалақ ойынында көрсеткен теңдессіз өнерлерімен көзге түсті.
Жарыс қорытындысында, өзгелерден оқ бойы оза шапқан Володарлық ойыншылыр жеңімпаз атанса, ешкімге есе жібермеген Егіндібұлақ ауылы командасы екінші орынға, Мичуриндік оқушылар үшінші орынға жайғасты.
- Бүгінгі оқушылардың тоғызқұмалақ ойынында көрсеткен шеберлігіне таң қалдым. Ойынға жоғары дайындықпен келгендері көрініп тұр. Бірінен - бірі өткен мықты. Бұл ойын баланы тез ойланып, жылдам әрі дұрыс шешім қабылдауға үйретеді. Сонымен қатар, оның ақыл-ойына көп пайдасын тигізеді. Бұл ойынның кез-келген жастағы адам дамуы үшін берері мол, - дейді аудандық спорт мектебінің қызметкерлері.
Назерке Сыйлыбаева,
Бәйтерек ауданы,
zhaikpress.kz