22.10.2021, 15:49
Оқылды: 55

Аналар кеңесiнiң қолдауымен семинар-тренинг өтті

Таяуда Теректi колледжiнде "Əйел. Қоғам. Болашақ" қоғамдық бiрлестiгiнiң ұйымдастыруымен, Теректi аудандық аналар кеңесiнiң қолдауымен "Бақытты отбасының ұйытқысы - əйел" атты семинар-тренинг ɵттi.

19

Жиынға Орал қаласынан арнайы келген психолог-дефектолог Зердегүл Мүсiрова, Теректi колледжiнде бiлiм алып жатқан студент қыздар мен ұстаздар қатысты.

Семинардың "шымылдығын" ашқан "Əйел. Қоғам. Болашақ" қоғамдық бiрлестiгiнiң тɵрайымы Гүлмира Тɵлегенова бақытты отбасының модулi, отбасындағы ананың рɵлi жайында баяндап, болашақ аналарға қажеттi кеңестерiмен бɵлiстi. Əсiресе, ерлi-зайыптылардың, келiн мен ененiң ара-қатынасына кеңiнен тоқталды. Ɵмiрлiк тəжiрибесiнде кездескен оқиғаларды мысалға келтiрген Гүлмира Тайманқызы жанұяның ұйытқысы болатын қазiргi қыздар - болашақ аналар дана əйел болуға ұмтылу қажеттiгiн атап ɵттi. Салт-дəстүр мен тарихымызды бiлудiң маңыздылығына тоқталды.

Ал психолог Зердегүл Алпысбайқызы:

- Бабаларымыз бағзы заманнан қыз тəрбиесiне қатты кɵңiл бɵлген. "Қыз тəрбиесi - ұлт тəрбиесi" деп қарап, қыздарын "қырық үйден" тыйған. Мұндай тыйымдар бүгiнгi қоғамға ауадай қажет. Қыз бала əрқашан абыройын ойлау керек. Себебi, қазiргi таңда белең алып жатқан ажырасу мəселесi қыздарымыздың намыс пен абыройын нəпсiнiң қалауына жеңiп беруiнен туындап отыр. Жас кезде адамның бойында күш-қуат, ерiк-жiгер кɵп болады. Сондықтан ɵздерiңiздi дамытыңыздар. Шет тiлiн үйренiп, бiлiмдерiңiздi жетiлдiрiңiздер. Сiздердiң киiмдерiңiз бен ұялы телефондарыңыз ɵздерiңiзден қымбат болмауы тиiс. Сiздердiң абыройларыңыз əкеңiз бен ағаңызға, iнiңiзге сын, - деп қыздарға абыройын сақтап, ɵзiн бағалау қажеттiгiн ескерттi.

Сондай-ақ Зердегүл Алпысбайқызы ерте жүктiлiктiң алдын алу тақырыбында да маңызды ақпараттармен бɵлiстi. Ерте жыныстық қатынасқа түсудiң салдарынан пайда болатын түрлi инфекциялық ауруларды да атады.

Семинар соңында студенттер топтарға бɵлiнiп, психологтың тапсырмасына сəйкес бақытты отбасын қалай елестететiндерiн бейнеледi.

Камелия Ɵтеу,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале