Аудандық «Коммунизм жолы» газетінен түлеп ұшып, «Егеменнің» тастүлегіне айналған жерлесіміз, Журналистер одағы сыйлығының иегері Темір Құсайын өмірден өтті.
Темір Құсайын өзінің саналы ғұмырын шығармашылық жолға арнады. Қаламы – жансерігі болды. Ол қайда жүрсе де, туған ауылының жағдайына алаңдап, жерлестерімен бірге болатын. Қызметтен қолы қалт етсе, туған ауылына келіп, Сарыөзеннің бойында бір аунап қайтатын. Үлкендерге сәлем беріп, кішілермен бірге жүріп, бір жасап қалатын. Қолынан келген көмегін ағайын-жолдастардан еш аяған емес. Жерлестері оны Темақа деп атайтын. 90 жылдық тарихы бар аудандық газетте жерлес журналистің қаламының ізі қалды. Бақұл болыңыз! Сіз туралы естеліктер енді айтылады. Ағайын-туыс, бауырларына көңіл айтамыз.
Казталов аудандық «Ауыл айнасы» газетінің ұжымы
zhaikpress.kz