Жуырда Жаңақала колледжінде «Жас маман» жобасы аясында «Құзыреттілік орталығы-техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында облыстық іс-тәжірибе тарату семинар өтті.
Семинардың мақсаты «Электрогаздәнекерлеуші», «Автослесарь» мамандықтары бойынша Worldskills құзыреттілік орталығында орнатылған заманауи жабдықтармен таныстыру, іс-тәжірибелерімен бөлісу.
Шара барысында «Ел болашағы білікті маман қолында» атты дөңгелек үстел болып, әр ауданнан және облыстан келген оқытушылар Жаңақала колледжіне экскурсия жасады.
Орал ақпараттық технологиялар колледжі директорының өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Гүлзада Дүйсенова «Жас маман жобасы – кәсіби дамудың негізі» тақырыпта баяндама жасады. Іс-тәжірибе соңы еркін микрофонға ұласып, оқытушылар өз ойларын, алған әсерлерін ортаға салды.
Ж.Болатбекұлы,
Жаңақала ауданы,
zhaikpress.kz