25.10.2021, 9:12
Оқылды: 43

Әкесі мен баласы суға кетті

Бәйтерек ауданы Мичурин ауылдық округіне қарасты Жамбыл елді мекені маңындағы өзенге балық аулауға шыққан әкесі мен баласы қаза тапты.

6d52b7e224f076c4fa2b8c06dd21a217_XL

Қайық үстінен балық ауламақ болған 1965 және 2012 жылы дүниеге келген азаматтардың өлі денесін жергілікті тұрғындар тауып алған. Оқиға орнына барған құтқарушылар мен құқық қорғаушылар ажал құшқан азаматтардың денесін мәйітханаға жіберген. Жергілікті әкім Максим Мусалимов суға кеткен азаматтың үйінде төрт бала бар екенін айтты. Екі қыз тұрмыста болса, үлкен ұл 30 жаста. Қаза болған бала үйдің кенжесі екен.

Арал Болпышұлы,
Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале