Теректі ауданы Ақжайық ауылында «Мейірбандық айлығы» аясында қарияларға құрмет көрсетілді. Мерекелік дастарханда аудан әкімінің орынбасары Ержан Досмақов құттықтау сөз сөйлеп, игі тілегін жеткізді.
Мұнан кейін округ әкімі де құттықтауын жеткізді.
-Қазан айының алғашқы күні Қарттар мерекесімен басталады. Еліміздің өркендеуі мен дамуы үшін қажырлы еңбек еткен, халқымыздың болашағы үшін тер төккен алдыңғы буын аға-апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары – бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Елімізде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ардагерлердiң жақсы өмiр сүруiне көп көңiл бөлiнуде. Қариясын құрметтеген елдің қашанда ертеңі биік, мерейі үстем болары анық. Тәуелсіз еліміздің жас буынын патриоттық рухта тәрбиелеуде қарттарымыз әлі де жол көрсетіп, ақыл-кеңестерін береді деген сенімдемін, — деді Болат Александрұлы.
Дөңгелек үстел басында аға буын өкілдері естеліктерімен бөлісіп, өздерінің жастық шақтарындағы сүйікті әндерін орындады.
Мейрамгүл Сәрсенғалиқызы,
Теректі ауданы
zhaikpress.kz