Баспасөз құралын халықтың көзі, құлағы һәм тілі деп білетін бәйтеректік Мейірімбек Бисекешев өзі тұратын Трекин ауылдық округінің 10 ардагеріне жергілікті «Ауыл тынысы» газетін тегін жаздырды.
-Ауыл халқы ауданда не болып жатқанын біліп отыруы керек. Ал туған жерімізде орын алатын жақсылықтарды көпшілікке бұрмалаусыз «Ауыл тынысы» газеті жеткізеді. Сол себепті елге ақыл айтып, сөзі өтетін қарияларға өз қаражатыма газет жаздым,-дейді Мейірімбек Бисекешев.
Ауылдық округтің жергілікті қауымдастық мүшесі саналатын Мейірімбек мырза өткен жартыжылдықта округке қарасты Новенький елді мекенінің 5 ардагеріне газет тарту еткен еді. Енді келер жылдан бастап, 10 ардагерді басылыммен қамтамасыз етті. Жүрген жерінде ауыл тұрғындарын газетке жазылуға үгіттеп жүретін ел ағасының ісі көпке үлгі. Мейірімбек Бисекешев болашақта новенькийлық жастарды да жазылым науқанына тарту ойы бар екенін айтады.
Түгелбай Бисен,
Бәйтерек ауданы
zhaikpress.kz