ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылға арналған стипендиясын жоғары оқу орындары бойынша бөлу туралы» бұйрық жобасын даярлады.
Бұйрық қосымшасында мына оқу орындарында стипендиялар көрсетілген:
- «Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» республикалық мемлекеттік мекемесі - 5;
- «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесі - 9;
- «Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі - 4.
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Экономика және қаржы департаменті қосымшада көрсетілген бөлуге сәйкес жоғары оқу орындарына тиісті қаржы жылына республикалық бюджетте қарастырылған қаражаттар шегінде төлеуді қамтамасыз етсін», - делінген құжатта.
Дереккөз: ҚазАқпарат