Қазақстан Ауған әйелдеріне транзиттік дәліз ұсынады, деп хабарлайды zakon.kz.
Сыртқы істер министрлігінің деректері бойынша, транзит халықаралық үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықта Алматы әуежайы арқылы одан әрі үшінші елдерге ұшу үшін жүзеге асырылды.
Қазақстанның гуманитарлық саладағы халықаралық міндеттемелерін ескере отырып, Мемлекет басшысы ауған әйел-судьялары мен парламентарийлері, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері үшін транзиттік дәліз ұсыну туралы шешім қабылдады, - делінген ведомство хабарламасында.