26.10.2021, 17:00
Оқылды: 40

Қазақстан Ауғанстанға 5 мың тонна ұн мен QazVac вакцинасын жіберуді жоспарлап отыр

Сыртқы істер министрі үкімет отырысында коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаны Ауғанстанға жеткізу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді.

24

Мұхтар Тілеуберді қазір бүкіл халықаралық қауымдастық ауған халқына гуманитарлық көмек көрсетуге шақырып жатқанын айтты.

"Ауған тарапы қазақстандық QazVac вакцинасын жеткізу түріндегі гуманитарлық көмек көрсетуді сұрады. Бұл мәселе қаралып жатыр, үкімет шешім қабылдайды", – деді сыртқы істер министрі. Сонымен бірге, оның айтуынша, Қазақстан ауған халқына 5 мың тонна ұн көлемінде гуманитарлық көмек жіберу туралы шешім қабылдады.

"Қазір басқа көмек көрсету туралы мәселе жоқ... Әрине, бұл елмен де сауда-экономикалық байланыстарды қалпына келтіру қажет. Қазір бұл елмен саяси келіссөздер туралы айтып отырған жоқпыз. Ауған халқына көмек көрсету туралы айтып отырмыз.

Біріншіден, бұл гуманитарлық көмек көрсету, екіншіден, жаңа экономикалық байланыстар орнату, Ауғанстан экономикасының күйреуіне жол бермеу үшін қалпына келтіру", – деп түйіндеді ол.

Дереккөз: KAZ.NUR.KZ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале