26.10.2021, 17:59
Оқылды: 46

Әділет министрі қазақстандықтардың өмірін жеңілдетуге бағытталған заңдар туралы айтты

Әділет министрі Марат Бекетаев елімізде ел тұрғындарының өмірін жеңілдетуге арналған қандай заң жобалары жұмыс істейтінін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

28

«Осы орайда әкімшілік процедуралық кодекс заңын атап өтуге болады. Бұл кодекс елде әкімшілік әділеттілікті енгізді. Бірден айта кету керек, бұл әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс емес. Әкімшілік әділеттілік туралы әңгімені бастағанда, мемлекеттік органдар мен азаматтар және бизнестік қарым-қатынас туралы да сөз қозғалады. Аталған кодекс екіжақты қатынастың парадигмасын өзгертеді. Ол біздің қоғамдағы жанжалдасуды азайтуға бағытталған. Дегенмен бұл барлық шенеунік бірден өзгеріп, басқаша жұмыс істей бастайды дегенді білдірмейді. Бұл, азаматтардың ымыраға келіп, өз мәселелерін сотқа жеткізбей шешуіне бағытталған рәсім», - деді Марат Бекетаев.

Министрдің айтуынша, аталған кодекс жаңа мүмкіндіктерге ие.

«Бүгінде экологияны сақтау мен қорғау жаһандық трендке айналғанын байқап отырмыз. Әрине, бұл дәстүрден біз бас тарта алмаймыз. Сонымен қатар, елімізде өткен жылы қабылданған Денсаулық туралы кодекстің қалай жұмыс істеп жатқанын көріп отырмыз. Жаңа заң жобасының пандемия кезінде қабылданғанын айтып өту керек. Және бұл Мемлекет басшысының тапсырмасы екенін, оның өңірлерді аралау кезінде жүктелгенін айтып өткен жөн. Аталған мәселе Президенттің жіті бақылауында. Соның қатарында экономикалық өсімді қалпына келтіру және инвестициялық ортаны қолдау мен дамытуға арналған заң жобасын ерекше айтып өткен жөн», - дейді ол.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале