28.10.2021, 12:07
Оқылды: 41

Әлемдегі босқындар саны рекордтық көрсеткішке жетті – БҰҰ

БҰҰ әлемдегі қақтығыстарға байланысты 48 миллион адам босқын мәртебесіне ие екенін мәлімдеді. Бұл - тарихи рекордтық көрсеткіш, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымның сайтына сілтеме жасап.

56

Бұл туралы ұйымның арнайы баяндамашысы Сесилия Хименес-Дамари 27 қазанда өткен БҰҰ Бас Ассамблеясында сөйлеген сөзінде айтты.

"Қарулы қақтығыстар мен зорлық-зомбылық салдарынан кетуге мәжбүр болғандардың саны әлемде 48 миллион болды, бұл - бұрын-соңды болмаған ең жоғары көрсеткіш", - деді ол.

Ол қарулы қақтығыстардың күрделенуі мен зорлық-зомбылықтың өсуі адам құқықтарының сақталуына нұқсан келтіретінін атап өтті. Хименес-Дамари көп адам зардап шеккен қақтығыстарды табиғи апаттар мен пандемия күшейтуі мүмкін екенін де айтты.

Қыркүйектің басында Еуропалық Одақ Ауғанстаннан келген босқындарды көрші елдер қабылдауы керек деп мәлімдеген еді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале