29.02.2016, 17:22
Оқылды: 39

«Көп ұлттың ортақ үйі – Қазақстан»

????????????????????????????????????

   Осындай тақырыппен Достық үйінде 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай танымдық кеш ұйымдастырылды. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдарбек Жұманиязов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев және аудандағы қоғамдық кеңестің төрағасы Бекет Әліпқалиев жиналған жұртшылықты елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенім мен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күнімен құттықтады.


Одан кейінгі кезекте жерлестеріміз, әзербайжан, татар, орыс ұлттарының өкілдері Тамара Кафарова, Меңсұлу Мусилова, Татьяна Шмакова және Наталья Мисюриналар сөз алып,   Қазақстан халқын бір атаның баласындай бір шаңырақ астында бауырластырып, олардың әрқайсысына туған тілін, дінін, мәдениетінің гүлденуі мен ұлт ретінде ұйыса дамуына еркіндік беріп және қанаттандырып отырған Елбасына шексіз ризашылықтарын білдірді. Басқосу барысында «Надежда» ансамблі «Уральская рябинушка», ал Тамара Джурушқызы «Халаулім-ай» әндерін орындап, жиналған қауымның көңілін серпілтті.

www.zhaikpress.kz

Д.ЗЕННАТ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале