28.10.2021, 16:30
Оқылды: 91

Санақтың маңыздылығы мен жауапкершілігі зор

Егемендік алғалы Ұлттық халық санағы үшінші мәрте өткізілуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жалпыхалықтық санақтың стратегиялық маңызын атап өткені мәлім. Халық санағы – белгілі бір уақыт шеңберінде халықтың демог­ра­­фиялық, экономикалық, әлеу­мет­тік си­паттағы ақпаратын жинау, өңдеу, жа­риялау, тарату мақсатындағы жал­пы­ұлт­тық статистикалық сараптаумен шектелмейді. Санақтың қорытындысы есеп-қисап үшін ғана емес, ең алдымен мемлекеттің алдағы даму бағытын айқындау, басқарушылық шешімдер шығару үшін қажет.

WhatsApp Image 2021-10-28 at 16.23.44

Ұлттық санақтың аяқталуына санаулы күн қалды. Бүгінгі күні облыс тұрғындарының  87,2%-ы немесе 579 224 батысқазақстандық жалпыұлттық халық санағына қатысты. Бүгінгі күні облыс бойынша 308 529  адам халық санағы сұрақтарына онлайн режимде жауап берді. Осылайша облыстың 46,5% азаматы онлайн санақ функциясын пайдаланды. Онлайн  режимде санақтан өткендердің ең  жоғары  көрсеткіші Бөкей ордасы ауданына тиесілі, ондағы тұрғындардың 72,4%-ы осы үлгіні қолайлы көрген. Қаратөбе ауданы тұрғындарының 69,7%-ы, Шыңғырлау тұрғындарының  69,6% онлайн санақтан өтті. Сырым ауданының Таскұдық, Шағырлой, Қызылтаң, Жаңақоныс және Қаратөбе ауданының Бесоба, Қосбаз, Қоскөл, Ақтай, Шалғын ауылдары санаққа қатысушылар толықтай онлайн режимде жауап берген елді мекендер ретінде тіркелді.

Халық санағына қатысқандардың жалпы санынан 34,7%  немесе 270 695 адам санақты офлайн форматта өтті. 27 қазан күнгі есеп бойынша санақ өткізуде көшбасшы болып Тасқала ауданы тіркелді. Тасқаладағы санаққа қатысушылардың саны 100,6% құрады. Қолда бар деректерге сәйкес, Тасқала ауданының халқы – 16 629 адам. Санақ бойынша 16 727 адам  қатысқаны анықталды. Халық санағын мерзімінен бұрын Жаңақала, Тасқала және Шыңғырлау аудандары аяқтады. Қаратөбе, Сырым аудандары аяқтау сатысында. Қалған аудандарда  қамту пайызы 80%-дан 97% дейін.

WhatsApp Image 2021-10-28 at 16.23.43

Ұлттық халық санағының негізгі кезеңі 2021 жылдың 30 қазанында аяқталады. 8 қарашаға дейін методология бойынша бақылап, елдімекендерді аралап шығу қарастырылған. Халық санағы кезінде алынған статистикалық деректер барлық деңгейдегі бюджетті қалыптастыруға  негіз болады. Халық санағының қорытындысында елдегі санақаралық кезеңдегі экономикалық, демографиялық және әлеуметтік өзгерістерді көрсетеді. Халық санағы жұмыс орындарының, еңбек ресурстарының толық көрінісін, ал бизнес үшін түпкілікті тұтынушының маңызды және нақты бейнесін береді.Ұлттық халық санағының негізгі  кезеңі 8 қарашаға дейін жалғасады. Сондықтан онжылдықтың ең маңызды  іс- шарасына  азаматтарды белсенді қатысуға шақырамыз. Халық санағын онлайн режимде өту ұзартылды, sanaq.gov.kz сайты тәулігіне 24 сағат қолжетімді. Онлайн өту мүмкіндігі 8 қарашаға дейін қолжетімді болады.

WhatsApp Image 2021-10-28 at 16.23.42

Облыс бойынша 700 интервьюерлер тартылды. Санақтың бітуіне көп күн қалған жоқ, алайда санақ персоналдары күнде өздерінің жұмыстарында қиыншылыққа тап болуда. Кейбір тұрғындар тіпті есік ашпайды, онлайн санақ өткендігі туралы хабарламаның нөмірін бермейді.Әрбір азамат науқанның маңыздылығын және  жауапкершілігін түсінуі  керек. Мемлекеттік басқаруда халық санағы басты роль атқарады. Ол 10 жылда бір рет өтеді. Бүгінгі күні  бұл – әлемнің көп елдерінде қолданылатын елдің  біртұтас портретін жасауға мүмкіндік беретін бірден-бір басты құрал. Ақпараттың дереккөзі – халықтың өзі. Елімізде  кезекті санақты өткізу демографиялық және әлеуметтік-экономикалық ауқымды ақпарат алуға мүмкіндік береді. Санақ қорытындысы экономикалық болжау, әлеуметтік  бағдарламаларды, құрылыс, тұрғын үйлерді бөлу және  басқа да салалар бойынша  бағдарламалар әзірлеу үшін пайдаланылады. Бір сөзбен айтқанда, осының бәрі азаматтардың тұрмыс сапасын жақсарту үшін жасалып жатыр. Батысқазақстандықтарды санақ науқанына белсенді қатысуға шақырамыз. Қазақстанда әркім маңызды!

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале