28.10.2021, 16:58
Оқылды: 17

Оралдық әйел 6-қабаттан секірмек болды

Оралда 35 жастағы әйел алтыншы қабаттан секіріп кетпек болды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың өңірдегі тілшісі.

211028163200776e

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 27 қазан күні шамамен сағат 01.37-де Д.Қонаев шағынауданы 60-үйде болды. Азаматтық некедегі күйеуімен сөзге келген 1986 жылғы әйел балконнан секіремін деп қорқытқан. Сол сәтте аяғы тайып кетіп, құлап бара жатқан әйелді күйеуі ұстап үлгеріп, құтқарып қалған. Аталған әйелмен профилактикалық мақсатта әңгіме жүргізілді. Сонымен қатар бұл отбасының жалдамалы пәтерде тіркеусіз тұратыны анықталды. Соған байланысты жалға беруші мен жалға алушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 493 және 492-баптарына сәйкес хаттама толтырылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале