28.10.2021, 17:30
Оқылды: 117

Туған жер тұтастығы - ел болашағының негізі

Рухани жаңғыру – қазақстандықтардың салт-санасы мен дүниетанымын өзгертетін қозғаушы күш. Кім-кімнің де Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа  бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын  ықыласпен, түйсіне оқығаны анық.

36

Олай дейтініміз, мақалада «Ұлттық  салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» деген жолдардың астарында  үлкен мағына жатыр. Шынында да рухы биік азаматтары бар елдің  іргесі мәңгілік берік болары анық.

Ардақ ауылдық округінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» жобасы аясында  Ардақ негізгі орта білім беретін мектебінің бірінші қабатына арнаулы екі орындық тазалық орындарын салу жұмыстары ағымдағы жылдың кыркүйек  айында  аяқталды. Құны 500 мың теңге болатын жобаға  демеушілік жасаған  ауыл азаматтары, 1982 жылғы мектеп түлектері.

Сонымен қатар, Ардақ ауылдық округінде мектеп ұжымы оқу ошағының бірінші қабатына  жасыл бұрыш   салды. Жоба құны 150 мың теңге.

Ауыл тұрғындарын мазалап жүрген мәселенің бірі –ауылдағы амбулаториялық пункттің ескеріп, апатты жағдайда болуы еді. Жаңа амбулатория салуға тиісті қаражат қарастыру мүмкіндігі табылмай, алаңдатты. Бұл мәселенің шешімі табыла кетті. Ауылымызға өз шаруашылығын  дөңгелетсем деп көзі түсіп келген кәсіпкер, оралдық Мақсұт Ваисов ауылға жаңа нысан салып беруге ұсыныс білдірді.

35

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығында «Рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында Ардақ ауылының тумасы болмаса да алдағы тірлігін осы жермен байланыстырғалы отырған азаматтың бұл шешімі жұртшылықты қуантты. Қазіргі таңда нысан тұрғызылып: газ, су, жарық көздері орнатылды. Жақын арада амбулаториялық пункт өз жұмысын жаңа нысанда бастайды.

Ел Тәуелсіздігінің басты мерекесі аясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бағытында Ардақ ауылының мектеп түлектері, мұғалімдері және  ауыл тұрғындары ауылымыздың өркендеуіне үлес қосуда. Мектеп саябағын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, түлектер мектеп оқушыларына спорттық күрес кілемшелерін сыйлады.

34

Туған жерін тәу ететін адам туған елін қадірлейді. Ұлттық рух бар жерде рухани жаңару күш алады. Мемлекет басшысы мақалада атап көрсеткендей ұлттық сана, ұлттық  код рухани жаңарудың түп қазығы. Жеке адамның, халықтың, елдің уақыт талабына сай ізденуі, еңбек қоғамын құруы, уақытты, еңбек пен білімді, денсаулықты қатар бағалап, қатар қорғай алған қоғам  ұлттық рухымен  мемлекетіне, қоғамына, еліне  игілік  әкелетін дүниелерді қалыптастырады.

С.Бркенова,

Шыңғырлау ауданы

            Ардақ ауылдық округі әкімі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале