28.10.2021, 17:50
Оқылды: 58

Өзбекстанда 170 мыңнан астам бала коронавирус вакцинасын алды

Өзбекстанда балаларды ерікті түрде вакциналаудың алғашқы айында 12-18 жасқа дейінгі 170 мыңнан астам жасөспірім коронавирусқа қарсы екпе алды.

37

Өзбекстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінгі күнде 12-18 жасқа дейінгі 176 791 жасөспірім коронавирусқа қарсы вакцина алды. Балаларға ата-аналары мен қамқоршыларының келісімімен елдің кез келген егу пунктінде екпе салуға болады. Вакцинация үшін Pfizer/Biotech неміс вакцинасы қолданылады.

Еске сала кетейік, Өзбекстанда балаларды ерікті негізде вакциналау процесі 28 қыркүйекте басталған болатын.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале