28.10.2021, 18:00
Оқылды: 258

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті

Бүгін «Nur Otan» ғимаратының мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы Шыңғырлау аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті.

38

Аудандық мәслихат хатшысы Сағын Қазиевтың төрағалығымен өткен жиында «Жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға бағытталған жұмыстар» және «Мемлекеттік бағдарламалар аясында бөлінген қаражатты тиімді пайдалану, мемлекеттік қызметтерге қолжетімділік туралы» екі мәселе талқыланды.

Күн тәртібіндегі бірінші сұраққа байланысты аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Қайрат Төлегенов аудан көлемінде жер беру рәсіміне тоқтала отырып, сыбайлас жемқорлықты болдырмауға бағытталған нақты жұмыстарға тоқталды. Қайрат Асылбекұлы өз сөзінде сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы ретінде Батыс Қазақстан облысында жүзеге асып жатқан жергілікті атқарушы органдардың геопорталы туралы кеңінен баяндады. Болашақта геопортал жер қатынастары және жер қойнауын пайдалану салаларындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін едәуір төмендетуге, көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысын болдырмауға, қажетті өзекті ақпаратты қашықтықтан алуға қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін баса айтты.

Кеңес отырысының келесі мәселесі бойынша аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Е.Шаимбетов, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі басшысының м.а. Б.Ирманов  пен экономика және қаржы бөлімінің бас маманы А.Хабибуллиев «Мемлекеттік бағдарламалар аясында бөлінген қаражатты тиімді пайдалану, мемлекеттік қызметтерге қолжетімділік туралы» баяндама жасады. Басқосу соңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі А.Тағаниязов күн тәртібіндегі мәселелер бойынша қаулының жобасымен таныстырды. Нәтижесінде кеңес мүшелері қаулы жобасын бірауыздан қабылдады.

Аман Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале