Бүгін Шыңғырлау ауданына іс сапармен облыстық мәслихат депутаттары Б.Қонысбаева мен А.Бисенов келді. Халық қалаулылары ең алдымен Ақтау және Ардақ ауылдық округтерінде болып, әлеуметтік нысандарды аралады.
Балабақша, мектеп, медициналық ғимарат, кітапхана секілді нысандардың жұмыстарымен танысып, қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында депутаттар тұрғындарды толғандыратын мәселелерді талқылап, мән-жайына толық қанықты.
Мал саны, шаруа қожалықтарының халық тұрмысына әсері, әлеуметтік маңызы зор нысандардың қыс мезгіліне дайындығы, ауыл тұрғындарының мал азығын дайындауы, мектепте оқушы саны толық болуы секілді мәселелерге баса назар аударды.
Одан кейін іс сапар Шыңғырлау ауылында «Nur Otan» партиясы ғимаратында азаматтарды қабылдау жұмысымен жалғасты.
Аман Ізмұхан,
Шыңғырлау ауданы