2.11.2021, 12:25
Оқылды: 18

1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны белгілі болды

2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 19 миллион 62,7 мың адамға жетті. Жыл басынан бері өсім 183,1 мың адам болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

8

Халық ең тығыз қоныстанған өңірлер - Алматы облысы (2,1 миллион адам), Түркістан облысы (2,06 миллион) және Алматы (2,01 миллион).

Халық санының өсу қарқыны бойынша Нұр-Сұлтан (+38 962), Алматы (+35 356) және Шымкент (+30 293) көш бастап тұр. 1 қазандағы жағдай бойынша астаналықтар саны 1,18 миллион адамға, алматылықтар - 1,97 миллион адамға, шымкенттіктер - 1,07 миллион адамға жетті. Жыл басынан бері халық санының өсуі Қазақстанның 17 өңірінің 11-інде байқалды.

Халықтың қоныс аударуы - Шығыс Қазақстан (-4 856), Қостанай (-4 705) және Солтүстік Қазақстан (-4 349) облыстарында байқалады. 1 қазандағы жағдай бойынша ШҚО-да халық саны 1,36 миллион, Қостанай облысында - 864,5 мың, СҚО-да - 543,7 мың адам болды.

Жыл басынан бері қала халқы 1,37 пайызға, 11 миллион 303,6 мың адамға, ауыл халқы 0,40 пайызға, 7 миллион 759 мың адамға дейін өсті. Қазақстандағы қала халқының үлесі - 59,3 пайыз, ауыл халқының үлесі - 40,7 пайыз.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале