2.11.2021, 15:39
Оқылды: 38

Әйелдерді коронавирустан қандай дәрумендер қорғай алады?

Ғалымдар әйелдерді коронавирустан қорғауға қабілетті дәрумендер мен қоспаларды атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

2021110216194993385_2021110214270440165_7

"Пятый канал" телеарнасының айтуынша, Ұлыбритания, АҚШ, Швецияның ғалымдары Лондондағы Корольдің колледжінде арнайы зерттеу жүргізген. Зерттеу нәтижесі кейбір тағамдық қоспалар мен дәрумендер нәзік жандыларды коронавирустан қорғайтынын көрсеткен. Ал ер адамдарға олар онша әсер етпейді екен.

Кейбір дәрумендер мен диеталық қоспаларды жиі қабылдаудың ағзаға пайдасы мол. Әсіресе, әйелдер омега-3 май қышқылдары, D дәрумені, мультивитаминдер және пребиотиктер ішкен кезде, ағза инфекцияға төтеп береді, деседі.

Зерттеушілер бұл тек алдын ала қорытынды екенін ескертеді. Толық зерттеу үшін әлі уақыт керек. Аталған дәрумендер мен қоспалар коронавирустан толық қорғайды деп ешкім айта алмайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале