3.11.2021, 10:04
Оқылды: 51

Ыбырай өлеңдерін дәріптеген шара

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және қазақ халқының аса мақтанышпен айтатын ақыны, ағартушы - педагог Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай Январцев ауылдық кітапханасы «Дала жұлдызы» атты әдеби сағат өткізді.

IMG-20211102-WA0119

Имандылық пен ізгілікті серік етіп, адамгершілік қасиеттерін өлеңдеріне арқау еткен ұлы жазушының кесек ойларына бойлап, тағылым алуды міндет еткен шарада кітапханашы Жарқынгүл Серғазиева ақынның өмірі мен шығармашылығы жайында баяндап, көпшілікті «Ыбырай  - қазақ балалар әдебиетінің атасы» атты кітап көрмесімен таныстырды.

Халық Ыбырай Алтынсариннің шығармаларын сүйсіне оқиды. Әсіресе балалар үшін жазылған туындыларының шұрайлы тілінен сусындап, көркемдігі жоғары шығармаларынан нәр алады. Даналығы мол жыр жолдарынан рухани ләззат алып, адамгершілік, адалдық, имандылық сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді. Ыбырай Алтынсарин өз шығармаларымен балалар әдебиетіне тың серпіліс әкелген, бүкіл қазақ жазушыларына үлгі болып, халқына бай әдеби мұра қалдырған ұлт мақтанышы, – деді кітапханашы Жарқынгүл Серғазиева.

IMG-20211102-WA0117

Кейін ауыл мектебінің даярлық тобының тәрбиешісі Асылжан Қамен мектеп оқушылары Нұртілеу Мұрадым, Нұрасыл Өмірзақ, Жанна Серік, Айымжан Қаменова, Дана Асыланбекқызы өлең сөздің сәйгүлігі Ыбырайдың өлеңдерін мәнерлеп оқыса, Аружан Жақсығали «Анамның тілі» әнімен барлық қатысушыларды серпілтті.

IMG-20211102-WA0120

Ауыл жастарын қазақ әдебиетінің саф туындыларымен таныстырып, ақын-жазушыларды ұлықтаған шаралар легі әлі де жалғаспақ.

Гүлжан Аязбаева,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале