Эфиопия үкіметі 6 айға төтенше жағдай жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Эфиопия үкіметі қоғаммен байланыс қызметінің басшысы Легесс Тулу мен әділет министрі және бас прокурор Гидеон Тимотиос мәлімдеді.
Мұндай хабарлама премьер-министр Абий Ахмед азаматтарды өздерін «Тыграйды азат етудің халықтық майданынан» қорғану үшін қолдарына қару алуға шақырғаннан кейін 2 күн өткен соң жасалды.
Агенттіктің мәліметінше, бұл шара ел астанасы Аддис-Абебаның солтүстігіндегі Амхара аймағындағы Дессия және Комбольча қалаларының айналасындағы жағдайға байланысты орын алып отыр.