3.11.2021, 19:23
Оқылды: 38

Отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауаптылық: қолдау не қарсылық

Қазақстан Республикасы адам құқықтарын қорғаудың халықаралық стандарттарына қосыла отырып, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық деңгейін төмендету бойынша белсенді қадамдар жасауда.

bb4cbe5b3c46a0c64fe5459b2473ef2a

Алдын алу және құқыққа қарсы оқиғаларға барабар ден қою арасында тиімді теңгерімді табуға ерекше мән беріледі. Сонымен қатар, барлық жағдайларда отбасын сақтау, отбасылық байланыстар мен құндылықтарды нығайту мүмкіндігі ескеріледі. Оңтайлы тепе-теңдік ешбір елде табылмағанын атап өткен жөн.

Қазақстандық қоғамда жауапкершілікті қатаңдату мәселелеріне қатысты ғылыми пікірталас осы күнге дейін жалғасуда.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қауіпсіздік Кеңесінің тапсырмасына сәйкес Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының базасында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл саласында қабылданып жатқан шаралардың тиімділігі туралы ғылыми-практикалық зерттеу жүргізілді.

Жұмысқа тиісті ведомствоаралық жұмыс тобының құрамына енген қазақстандық белгілі ғалымдар мен практик-заңгерлер, Мемлекет басшысының атына отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейту қажеттігі туралы өтініш берген белседі азаматтар (Р.Ошақбаев, С.Ақылбай, С.Тұрсынбекова, Л. Аренова, Н. Ерғалиева, Ж. Ильичева, Д. Сатжан, Ш. Али, Ж. Ахметова және басқалары), сондай-ақ Ресей, Украина, Өзбекстанның жетекші мамандары қатысты.

Зерттеу барысында халықаралық тәжірибе, оның ішінде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа жол бермеу бөлігінде БҰҰ бекіткен адам құқықтары саласындағы индикаторларға қол жеткізу тәжірибесі зерделенді.

Ағымдағы жылғы 4 маусымда Академияда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция, 17 қыркүйекте – Бас прокуратура жанындағы ҚР ҚК-і және ҚПК-ін қолдану практикасын мониторингілеу және қорыту жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының отырысы өткізілді. Зерттеу қорытындылары Қауіпсіздік Кеңесі мен Президент Әкімшілігінің жедел жиналыстарында (а.ж. 1 және 8 қазанда) талқыланып, оң бағаланды.

Авторлар қазіргі кезеңде денсаулыққа жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғумен байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтарды қылмыстандырудың қажеттілігі жоқ деген негізгі қорытындыға келді (ҚР ӘҚБтК-нің 73-1, 73-2-баптары).

Бірінші. Қылмыстық құқық және қылмыстық саясат теориясы оның негізгі принциптері болып табылатын барлық әрекеттер үшін ортақ бірқатар міндетті критерийлер мен оларды қылмыстандырудың негізгі шарттарын анықтайды.[1]

Ұсынылған инновацияларды бағалауда, егер қылмыстық-құқықтық құралдардан тыс тиімді қарсы тұру мүмкін болса, онда қылмыстандыру жүргізілмеуі керек екендігін атап өту маңызды.

Сонымен қатар, қылмыстандырудан күтілетін оң нәтижелер оның теріс салдарларынан асып түсуі шарт.

Ұрып-соғу мен денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіруді ҚК-тен ӘҚБтК-ге бірнеше рет ауыстыру бойынша Қазақстанның тарихи тәжірибесі әкімшілік жауапкершілік шеңберінде құқық бұзушылықтардың осы құрамын анықтау мен құқық қолданудың жоғары тиімділігін көрсетті.

Осылайша, аталған әкімшілік құқық бұзушылықтарды қылмыстық санатқа ауыстыру өзгерістері елдегі тұрмыстық қылмыстың жағдайына кері ықпал етті.

Әкімшілік шарамен салыстырғанда құқық бұзушыны қылмыстық процестік жауапқа тарту қолайсыз және тиімсіз болды.

Мысалы, егер 2015 жылға дейін денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін 3,5 – 4 мыңға жуық отбасылық жанжал шығарушы әкімшілік жауапкершілікке тартылса, онда жаңа ҚК-тің қабылдануымен бұл көрсеткіш 6 есе – 575 – 600-ге дейін қысқарды.

Осылайша, жыл сайын 3 мыңға жуық құқық бұзушы жауапкершіліктен жалтарған деп тұжырымдауға болады.

Бұдан әрі 2017 жылдан бастап аталған құқық бұзушылықтар ҚК-тен ӘҚБтК-ге ауыстырылғаннан кейін олардың тіркелуі 10 еседен астам өсті.

Анықтама: 2017 ж. – 7 578, 2018 ж. – 15 548, 2019 ж. – 23 356, 2020 ж. – 22 533, 2021 ж. 6 айда – 10 857 әрекет.

Екінші. Талдау көрсеткендей, отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтар әкімшілік заңнаманың салыстырмалы жеңілдігі себебінен емес, көптеген жағдайларда басқа факторлар мен жағдайлардың әсерінен жасалады (тәрбие, өзара қарым-қатынас, сыйластық деңгейі, өзара реніштік жанжалдар, неке адалдығын орнатпау және т.б.).

Басқа себептерге қолайсыз әлеуметтік-экономикалық факторлар (жұмыссыздық, төмен табыс деңгейі, тұрғын үйдің болмауы, кредиттер және т.б.) жатады.

Сондықтан, мысалы, құқықтық мәдениет деңгейін көтермей және әлеуметтік-экономикалық жағдайларды жақсартпай, қарастырылып отырған саладағы мәселелерді шешу мүмкін емес. Оған қоса, қылмыстандыру отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың нақты жағдайын бұрмалау қатерімен байланысты және құқық бұзушылықтардың жасырылуына әкеледі.

Мысалы, адам қылмыс жасады – ол сотталуы мүмкін, ал бұл жәбірленушілердің мүдделері үшін емес, ата-аналардың соттылығы балалардың болашағының көкжиегін тарылтады және көбіне жәбірленушілер мұны жақсы түсінеді.

Үшінші. ҚК-те (108, 109 б.б.) болған кезде қасақана жеңіл дене жарақатын келтіру және ұрып – соққаны үшін қамауға алу (жеңіл дене жарақаты үшін – 60, ұрып-соғу үшін – 45 күнге дейін), айыппұл және түзеу жұмыстары көзделген.

Бұл ретте қамауға алу негізгі жаза ретінде осы уақытқа дейін қамақ үйлерінің болмауына байланысты қолданылмай келеді, айыппұл отбасына ауыртпалық түсіреді, ал түзеу жұмыстары көбіне кінәлі тұлғалардың тұрақты жұмыс орнының болмауына байланысты қолданылмайды.

Әкімшілік заңнамамен көзделген жазалар (әкімшілік қамау, айыппұл) және жеке профилактикалық шаралар (профилактикалық әңгімелесу, ескерту, қорғау нұсқамасы, кінәлі тұлғаның мінез-құлқына ерекше талаптар, әкімшілік ұстау, әкімшілік жаза, ата-ана құқығынан айыру не шектеу және т.б.) жиынтығында үлкен профилактикалық потенциалға ие.

Төртінші. Әкімшілік процестің оңтайлығы, оның жеделдігі жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету және құқық бұзушының жауапкершілігін арттыру үшін нақты жағдайлар жасайды.

Қорытындысында қамауға алу түріндегі қолданыстағы әкімшілік санкцияларды қатаңдату, қорғау нұсқамасының талаптарын қайталап бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу ұсынылды. Мұндай қадам әкімшілік құқық бұзушылықтардан қылмыстық теріс қылықтар санатына кезекті ауыстыруға қарағанда тиімді деп санаймыз.

Сондай-ақ, татуластыру рәсімдерінен кейін қайталану көріністерінің жоғары қаупін ескере отырып, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушыларға ерекше жағдайлар енгізу негізделеді.

Атап айтқанда, татуласу үшін іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін сот кінәлі адамға психокоррекциялық көмек курсынан өз еркімен өтуі, медициналық-наркологиялық көмек алуы және оған жұмысқа орналасу үшін шаралар қолдануына міндеттемелер белгілеуі мүмкін.

Зерттеу алдын алу-алдын алу институттарын дамытудың, түрлі әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мәселелері бойынша бейінді мемлекеттік органдардың мүмкіндіктерін, сотқа дейінгі пробация құралдарының әсер ету тетіктерін кеңінен пайдаланудың маңыздылығын көрсетті.

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл туралы міндеттерді іске асыру кезінде уәкілетті органдардың практикалық өзара іс-қимылын жолға қоюдың маңызы зор.

Осы мақсатта психокоррекциялық мінез-құлық бағдарламаларын тиімді енгізу үшін ҚР ӘҚБтК-нің жекелеген нормаларын жаңғырту қажет.

БҚО бойынша ҚСжАЕК баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале