2.03.2016, 10:10
Оқылды: 27

Көктемнің алғашқы күнінде сәби үні естілді

 Kaztalov sabi dynie esigin ashti  1 наурыз Алғыс айту күніне орай Жалпақтал аудандық ауруханасының перзентхана бөлімінде жаңадан туылған сәби дүние есігін ашты.

Жалпақтал ауылдық округі әкімінің орынбасары Мұрат Рахметуллин Жалпақтал ауруханасының перзентхана бөлімінде болып, 1 наурыз Алғыс айту күнінде нәрестелі болған Данира Сейтқалиеваны құттықтап, жас анаға және оның нәрестесіне мықты денсаулық, отбасына амандық тіледі.


-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының аналарға, әсіресе жас аналарға деген қамқорлығы ерекше. 1 наурыз Алғыс айту күнінде нәрестелі болуымыз – отбасымыз үшін зор қуаныш. Жолдасымыз Амангелді екеуміз Али есімді ұл тәрбиелеп отырмыз. Енді міне 2 келі, 500 грамм салмақпен Айя есімді жас нәрестемізді қолымызға алып, қуанып жатырмыз. Біздің отбасымздың қуанышын бөлісуге келген Жалпақтал әкімшілігіне алғысымыз шексіз. Сондай-ақ осы сәбиді аман-есен дүниеге әкелуіме көп көмек жасаған перзентхананың дәрігерлеріне, медбикелеріне алғысымды жеткіземін. Әр үйде іңгәлаған сәбидің даусы естіліп, өмірге келген сәбилер ата-аналарының көз қуанышы болсын,-дейді жас ана Данира Арманқызы

Жалпы Жалпақтал аудандық ауруханасының перзентхана бөлімінде жыл басынан бері 15 сәби өмірге келген. Бұл көрсеткіш ауылымыздағы демографиялық ахуалдың жақсарып келе жатқанының дәлелі.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек АҚМУРЗИН

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале