4.11.2021, 10:47
Оқылды: 56

Тәжік-ауған соғысының ардагерімен кездесу өтті

Қособа ауылдық округі Қособа ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Тәжік-ауған шекарасынан қазақстандық батальонның шығарылғанына 20 жыл толуына орай, Тәжік-ауған соғысына қатысқан ардагер Қобылан Байниязовпен кездесу кеші өтті.

18

Кешке ауыл әкімі Бейімбет Жайманов, жасөспірім оқырмандар мен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі Мейрамгүл Есентемірова қатынасты.

Кездесу кешінің сыр-сұхбат бөлімінде жауынгер ағамызға оқушылар сұрақтар қойып, тұшымды жауаптар алды. Жас оқырмандар ержүрек ағаларына ізгі тілектерін арнады.

Мұрадым Аубакировтың орындауында ән шырқалып, оқырмандар ерлік, Отан туралы өлеңдер оқыды.

Фото суреттерден слайд көрсетіліп, Қобылан Халиханұлының алғыс хаты мен медальдарымен, мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалардан жасақталған көрмеге шолу жасалды.

Қобылан Байниязов 1

Кеш соңында Қобылан Байниязовқа ауыл әкімінің алғыс хаты, Қособа ауылдық мәдениет үйі ұжымының сыйлығы табыс етілді.

Динара Бекчурина,

Сырым ауданы,

Қособа ауылдық кітапханасының кітапханашысы,

«Сырым елі» газетінің штаттан тыс тілшісі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале