4.11.2021, 15:45
Оқылды: 53

«Nur Otan» партиясының атынан кандидатура ұсынылды

«Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалының кезектен тыс XXXVІ сайлау конференциясы онлайн форматта өтті.

46

Конференция жұмысына «Nur Otan» партиясының аудандық Саяси кеңесінің мүшелері, аудандық мәслихат хатшысы, ауылдық округ әкімдері, мекеме-ұйым басшылары, бастауыш партия ұйымдарынан ұсынылған делегаттар, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері қатысты.

Конференция отырысына филиал төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуаналиев төрағалық етті. Күн тәртібінде Жәнібек ауданы бойынша Күйгенкөл ауылдық округ әкімінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқталуына байланысты Күйгенкөл ауылдық округіндегі әкім сайлауына «Nur Otan» партиясынан кандидаттарды ұсыну мәселесі қаралды. Конференцияда күн тәртібіндегі мәселе толығымен қаралып, делегаттардың дауыс беру арқылы алдағы болатын сайлауға қатысу үшін Күйгенкөл ауылдық округ әкіміне Саят Тарғыновтың кандидатурасы «Nur Otan» партиясының атынан ұсынылып, тиісті қаулы қабылданды.

Ә. Әбділда,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале