Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Батыс Қазақстан облысы бойынша «Болашақ» Қауымдастығының ұйымдастыруымен Орал қаласында «Жыл үздігі – 2021» облыстық жастар премиясын табыстау байқауы өтеді.
Аталмыш байқау 2008 жылдан бері дәстүрге айналған жастарды Отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, жастардың елдің қоғамдық-саяси, мәдени, экономикалық өміріне деген белсенділігін арттыру, дарынды жастарға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылып келеді. 13 жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатырған жастар сыйлығы биылғы жылы 10 негізгі, 2 арнайы аталымдарынан тұрады.
Байқауда 2020-2021 жылдары облыс көлемінде жыл бойына жастар қозғалысының дамуына белсене араласып, әр салада өз кәсіби шеберлігін көрсеткен мамандар, ел өміріне елеулі үлес қосқан жастар анықталады. Қатысушылар 14 пен 29 жас аралығындағы облыс жастары болуы тиіс (құжат тапсыру кезінде 28 жастан аспауы қажет). Жеңімпаздар арнайы құрылған комиссия шешімімен анықталатын болады. Комиссия құрамы байқауды ұйымдастырушылар, әр салаға сәйкес сарапшылар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінен тұрады. Жеңімпаздарға «Жыл үздігі – 2021» статуэткасы, 100 000 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық, диплом табысталады. Байқауға қатысу үшін құжаттар 4 – 15 қараша аралығында Н.Назарбаев даңғылы 184/1, 38-кабинет мекен-жайы бойынша қабылданады.
«Жыл үздігі - 2021» жастар сыйлығы келесі аталымдар бойынша өткізіледі:
Арнайы атылым:
*Бұл аталым бойынша құжаттар БҚО Ішкі істер департаменті, БҚО Прокуратурасы, БҚО Төтенше жағдайлар департаменті, әскери бөлім өкілдерінен қабылданады.
Қосымша ақпарат: Гүлзия Ахметова
8 775 252 10 02
zhaikpress.kz
Сурет: bing.com