5.11.2021, 10:03
Оқылды: 59

Жеңілдігі бар "Теща"

Азық-түлік қымбатшылығы, жол жүру кіресінің өсуі онсыз да сіркесі су көтермей жүрген халықтың жүйкесін жұқартып жүргені шындық. Азын-шоғын жалақасын қайда жеткізерін білмей дал болған ауылдастарына қайырымдылық жасап, қарайласып жүргендер ауданымызда баршылық.

WhatsApp Image 2021-11-05 at 09.58.37 (1)

Осындай ізгі шара Шыңғырлау ауданының  орталығындағы «Теща» супермаркетінде ұйымдастырылды. Бұл сауда нысанына келген ауылдастар күн сайын таңертеңгі 8-ден күндізгі 11-ге дейін тауар түрлерін 5 пайыз жеңілдікпен алуда. Соның ішінде, сүт, жұмыртқа, сұйық май, «Пиала» шайы, макарон өнімдері, қант және «Краковская», «Хуторская» шұжықтары,  тағы да басқа әлеуметтік маңызы бар тауарларға жеңілдіктер қарастырылған.

«Час пик» акциясын қолға алған нысан иесі, жеке кәсіпкер Лилия Жұмалиева дәл осылай ауылдастарына көмектесуді жөн көрген. «Кең болсаң, кем болмайсың» деген халық даналығын ұстанған кәсіпкердің игі қадамына жұртшылық дән риза.

Гүлшат Ибрагимқызы,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале