5.11.2021, 14:29
Оқылды: 59

Оралдық тұрғын моралдық шығын өндіру талабымен сотқа жүгінді

Талапкер жол-көлік оқиғасының салдарынан денсаулығына елеулі зиян келтіргенін көрсете отырып, жауапкерден 5 миллион теңге моралдық шығын өндіру талабымен сотқа жүгінді.

A9FBFC6A-6869-4858-919E-07516AD536B7

Тергеу нәтижелері бойынша қылмыстық қудалау органы ҚІЖК-нің 35-бабының 1-бөлігінің 2-тармақшасы бойынша қылмыстық қудалауды тоқтату туралы қаулы қабылдады, яғни сотталушының іс-әрекетінде қылмыс құрамы болмаған.

АҚ-ның 9-бабының 1-тармағына және 951-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес, азаматтық құқықтарды қорғауды сот моралдық зиянды өтеу арқылы жүзеге асырады. Моралдық залал азаматтың өмірі мен денсаулығына жоғары қауіп көзімен келтірілген жағдайларда, зиян келтірушінің кінәсіне қарамастан өтеледі.

Медициналық іс қағазынан алынған мәліметке сәйкес талапкердің клиникалық диагнозы: Қатар алған жарақат. Жабық бас сүйек-ми жарақаты. Мидың контузиясы. Оң жақ қабырға асты және желке сүйектерінің артқы бас сүйегінің шұңқырына ауысуымен сызықты сынуы. Жабық кеуде жарақаты. 3-4-5-6-7-8-9-10 қабырғаларының ығысуымен артқы қолтық асты сызығы бойымен сол жақтан жабық сынуы. Жүрек жарақаты. Өкпе жарақаты. Сол жақ гемопневмотораксы. Постравматикалық пневмония. Оң жақ төменгі аяқтың артқы бетінде ырсиған жарақат. 2-деңгейлі травматикалық шок.

Осыған орай сот талап арызды ішінара қанағаттандырып, талапкер талап еткен моралдық залалды өтеудің бір бөлігін өндірді. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Орал қаласының №2 соты

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале