5.11.2021, 16:31
Оқылды: 43

Мейірім жүректен шығады

Қайырымдылық жасау, айналамыздағыларға мейірімді болу үшін асып-тасып бай болу керек емес. Ең бастысы, мейірімді жүрегің мен таза ниетің болса, жеткілікті. Бүгінде қолдауға мұқтаж жерлестерімізге көмек көрсету мақсатында ауданда игі істер, түрлі акциялар мен қайырымдылық айлықтары ұйымдастырылуда. Шарапаты мол осындай шараларда белсенділік танытқан  жомарт жандардың саны жылдан-жылға артып, олар жағдайы төмен жанұяларға қол ұштарын созып келеді.

WhatsApp Image 2021-11-05 at 16.29.35

Өткен қазан айы – қайырымдылық айлығы аясында Жаслан Күнбатыров басқаратын «Жігер» спорт клубының ұйымдастыруымен Чапаев ауылы және Жайық ауылының жағдайы төмен екі отбасына 2 жүк отын, азық-түлікпен  көмек көрсетті. Сонымен қатар осы спорт клубтың Шабдаржап ауылындағы нұсқаушысы Әлібек Қайырғалиев болашағынан үміт күттіретін жас спортшы Диас Бақитовқа тай тарту етті.

Аида Асылбек,

Ақжайық ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале