6.11.2021, 19:40
Оқылды: 77

Байтерек ауданында «Достық Дружба» ансамблі өнер көрсетті

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай аудандық «Достық Дружба» ансамблі өнерсүйер қауымға есеп беру кешін ұсынды.

IMG-20211104-WA0135

Аудандық Мәдениет үйі жанынан құрылған ансамбль 2012 жылдан бері қалың көпшілікті тың туындыларымен қуантып келеді. «Өнер майталманы» медалінің иегері Сергей Саяпин жетекшілік ететін ұжым бүгінде ауданның мәдени өмірінен айрықша орын алып үлгерді. Сондай-ақ шетелдіктерді де әр алуан жанрдағы әндерімен де тәнті етуде.

IMG-20211104-WA0130

Тоғыз жыл ішінде талайды таң қалдырған өнер ұжымының ән қорындағы қазақ, орыс халық әндері мен лирикаға толы туындылары кімді болмасын өзіне баурап алары анық.

WhatsApp Image 2021-11-06 at 19.08.30

Құрамында Аслан Ғизатов, Малик Мусакулов, Николай Новеньков, Ақан Жекеков, Мейірбек Жанболат секілді өнерпаздары бар ансамбль кеш барысында қалың көпшілікке «Сарыжайлау», «Айттым сәлем Қаламқас», «Он алты қыз», «Қыздар-ай» әндерімен қатар орыс тіліндегі әндерді паш етті. Жанды дауыста өткен концертте өнер ұжымын қолдай келген әріптестері де әннен шашу шашты.

IMG-20211104-WA0132

Бүгінде өңір мәдениетінде өзіндік орны бар ұжымның концертінде сөз алған аудандық мәдени демалыс орталығының әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Амангүл  Намазова өнер майталмандарының еңбегін жоғары бағалап, шығармашылық табыс тіледі.

Назерке Сыйлыбаева,

Байтерек ауданы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале