8.11.2021, 16:05
Оқылды: 58

Ауыл азаматтары жарады

Ауыл-елдің көркеймегі азаматтарына да тікелей байланысты. Қымбатшылық қамыты қоғамдағы қай салаға да оңай тиіп тұрған жоқ. Әсіресе, алыстағы ауылдардың жәй-күйі осы жердің ауасын жұтып, суын ішіп жүрген тұрғындарына ерекше мәлім. Он жыл білім алған білім ордаларына демеушілік жасап, оның заманауи келбет алуын ойлаған Алмаз ауылдық округіндегі шаруақор жандар игі іс жасауды ұйғарыпты.

53

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында "Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Туған жер" жобасы аясында Алмаз ауылдық округіндегі шаруа қожалығының иелері - Бауыржан Жантлеуов пен Серік Багаутдинов, Миржан Басурманов орта мектептің акт залына терезе жапқыштары мен музыкалық құрылғылар тарту етті.

52

Жаңарып қалған мектептің жиын-концерт өтетін залы оқушылардың да, мектеп ұжымының да көңілдеріне жылулық сыйлағандай. Барша жұртшылық пен орта мектеп ұжымының демеушілерге деген алғыстары мен ризашылықтарында шек жоқ. Азамат болсаң ауылыңа қарас деген осы болса керек.

Н.Айқын,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале