8.11.2021, 17:35
Оқылды: 38

Жапонияда бір жылдан аса уақыт ішінде COVID-19-дан адам өлімі тіркелмеді

Жапонияда 15 айдан бері коронавирустан бірде-бір адам өлімі тіркелген жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

86

Жапонияның Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы рет өлім-жітімнің нөлдік өсімі өткен жылдың 2 тамызында тіркелген еді. Өткен тәулікте 126 миллионға жуық халқы бар мемлекет бойынша коронавирус инфекциясының тек 157 жаңа жағдайы анықталды. 100 ауру жұқтырған адам бүкіл ел бойынша қарқынды терапия палаталарында ауыр халде жатыр.

87

Жапонияда COVID-19 ауруы мен өлім-жітім саны күрт төмендеген, өйткені екпе алғандар саны көбейіп, халықтың 70 пайызынан астамын қамтыды.

Қыста қорғану үшін Жапония үкіметі келесі айда азаматтарға қайта екпе салуды жоспарлап отыр және ауруханаға жатқызуды азайту үшін жеңіл жағдайлардағыларды таблетка арқылы емдеп жатыр.

Бұған дейін, қыркүйекте Жапонияда коронавирус төтенше жағдайы режимін толығымен алып тастау туралы ресми түрде жарияланды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале