9.11.2021, 11:51
Оқылды: 46

Антирекорд: Грецияда бір тәулікте 7 335 адамнан коронавирус анықталды

Грецияда коронавирусты жұқтырудан антирекорд орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.

211109120422684e

«Бір тәулікте 7 335 адамнан вирус анықталған. Бұл пандемия басталғаннан бергі ең жоғарғы көрсеткіш, - деп хабарлайды Ұлттық денсаулық сақтау ұйымы.

Коронавирус инфекциясының расталған фактілерінің өсуі осы айдың басынан байқала бастады. 1 қарашада 5 424 жағдай анықталды, ал бір күн бұрын 2 722 дерек есепке алынды. Бұдан кейін күніне 6,8 мың инфекцияға дейін тіркеле бастады. Ал жақын арадағы 7 сағат ішінде 24 мыңнан астам науқас инфекция жұқтырды.

Белгілі ғалым вакцинацияланған адамдардың ең үлкен қателігін атады. ДДҰ сарапшысы, профессор Сантьяго Мас-Кома әлемде COVID-19 таралу қарқынының өсуі вакцинация алған азаматтар жауапкершілігінің әлсіреуімен байланысты деп мәлімдеді.

Вакцинацияланғандар санитарлық қауіпсіздік талаптарын сақтамайды, бетперде кимейді. Дегенмен, қыс мезгілінде адамдардың көпшілігі жабық үй-жайларда болатынына байланысты аурудың тарау қарқыны үдеуі мүмкін.

«Егер адамдар бұл пандемия аяқталмағанын және инфекцияны болдырмау үшін жеке сақтық шараларын сақтау қажет екенін түсінбесе, вирус жұқтырушылар саны арта береді», - деп ескертті Мас-Кома.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале