12.11.2021, 11:05
Оқылды: 45

«Кәрі құда» келіп қалды...

Облыс әкімі Ғали Есқалиев қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстарының ұйымдастырылуын, техникалардың дайындығын, іске жарамдылығын тексерді.

3723fb1d-e6bc-452c-91f5-42901cd4ffc9

Орал қаласындағы П.Атоян атындағы стадионда өткен іс-шараға төтенше жағдайлар департаменті мен жол-патрульдік полициясының, Ұлттық ұлан әскери бөлімдерінің, «Жедел жәр­дем», өрт сөндіру қызметі мен «Жайық таза қала» ЖШС және тағы да басқа салалардың қызметкерлері қа­тысты. Қала аумағында төтенше жағдайларға қарсы әрекет ету үшін 15 азаматтық қорғау қызметі құрылған.

0b32dc11-a19f-483e-854e-6d4788fe892b

Өңір басшысы қаланың санитарлық тазалығына жауапты «Жайық таза қала» ЖШС мекемесіне барып, жаңа техникалардың мүмкіндіктеріне назар аударды. Бүгінгі таңда қала бойынша жалпы ұзындығы 615 шақырым аутокөлік жолы бар. Соңғы үш жылда шаһар тазалығы үшін 79 жаңа техника сатып алынған. Ал қысқы кезеңге жалпы саны 180 арнайы техника дайын. Сондай-ақ іс-шара шеңберінде Ғали Нәжімеденұлы «Жайықжылуқуат» АҚ-ның ағымдағы жылыту маусымын өткізу барысымен танысты. Қазіргі таңда «Жайықжылуқуат» АҚ 24, «Батыс су арнасы» ЖШС 60, «Қаз­-ТрансГазАймақ» АҚ облыс­тық өндірістік филиалы 51 және «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ 21 дана арнайы техникамен  қамтамасыз  етілген.

6a0a959b-e3fa-4b64-96fa-151092b42f78

Қала аумағында 8 өрт сөн­діру бөлімі мен жедел құтқару жасағы бар. Өрт сөндіру бөлімдеріндегі 82, жедел-құтқару жасағындағы 23 техника да қысқы маусымға сақадай сай.

Марлен  Мәлікұлы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале