Оралда түйреуіш жұтып қойған алты айлық сәби көз жұмды.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 9 қараша күні болды.
Биылғы мамыр айында дүниеге келген қыз түйреуіш жұтып қойған. Сәби сағат 23.10-да облыстық көпбейінді балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы сараптама қорытындысы шыққаннан кейін белгілі болады.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиғаны растады.
Дереккөз: ҚазАқпарат