12.11.2021, 17:55
Оқылды: 55

Қазақстанның қаржы саласы өңірдегі ең озық жүйе саналады – Президент

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан қаржыгерлерінің IX конгресіне бейнеқұттықтау жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

16

Қазақстан қаржыгерлерінің конгресі – Қазақстандағы қаржы секторын дамытуға байланысты өзекті мәселелерді талқылауға арналған платформа. Биыл қаржыгерлер конгресі онлайн форматта өтіп жатыр.

«Баршаңызды Қазақстан қаржыгерлері конгресінің ашылуымен құттықтаймын. Бұл еліміз үшін айрықша маңызды оқиға. Биылғы басқосу ұлттық валюта күні және Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында өтіп жатыр. Мұның символдық мәні зор. Өйткені төл теңгеміз – елдігіміз бен егемендігіміздің шынайы бейнесі», - деді Президент.

Мемлекет басшысы 90-жылдардың басында негізгі нарықтық реформалар жүзеге асырылғанын, қаржы қатынастары кешенді түрде қайта қаралып, жаңғыртылғанын еске салды.

«Әлемдегі озық тәжірибені ескере отырып, банк саласына түбегейлі өзгерістер енгіздік. Еліміздің толыққанды қаржылық инфрақұрылымы жасалды. Соның нәтижесінде қор жинап, оны тиімді жұмсауға мүмкіндік туды. Сондай-ақ, ауқымды инвестицияға жол ашылды. Біз сындарлы мемлекеттік саясаттың арқасында бәсекеге қабілетті қаржы секторын қалыптастырдық. Қазақстанның қаржы саласы өңірдегі ең озық жүйе саналады. Бүгінде оның жиынтық активі 35 трлн теңгеден асады. Бұл еліміздің ішкі жалпы өнімінің тең жартысынан көп», - деді Президент өз құттықтауында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале